Орал автобустарының бірінде зейнеткер әйел ұрлық жасаған
Орал автобустарының бірінде зейнеткер әйел ұрлық жасаған
Оралда егде жастағы әйел автобустан валидатор ұрлап кеткен. Автопарк әкімшілігі одан техниканы қайтарып беруін сұрайды, – деп хабарлайды Мой город. Оқиға 29 маусым күні сағат 14:30 шамасында №22 «Медициналық колледж» бағытының аялдамасында болған. «Батыс Қазақстан» автобус паркі бас директорының орынбасары Данияр Мұхтаровтың айтуынша, кондуктор төлем жасауға арналған валидаторды жолаушылар орындығының үстіне қалдырып кеткен. Оны көрген жолаушы сол орындыққа ауысып, пакеті мен сөмкесін үстінен жауып, валидаторды алып кеткен. Ұрлық болған сәт автобус салонындағы бақылау камерасына түсіп қалған. https://www.youtube.com/watch?v=_BR_tzknoAs&feature=emb_title
«Әйелдің егде жаста екені көрініп тұр, тіпті осыны айтудың өзі ыңғайсыз екен. Бірақ біз оның валидаторды қайтаруын өтініп сұраймыз, әйтпеген жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласуға мәжбүр боламыз. Әйел оны автопарктің кез келген жүргізушісі немесе кондукторы арқылы бере алады. Ол телефон немесе планшет емес, валидатор. Оны пайдаланып кете алмайды, өйткені тек жол жүру ақысын төлеуге арналған. Мүмкін, ол кісі телефон деп ойлап алып кеткен шығар», – дейді Данияр Мұхтаров.