Астана күніне ән тарту
Астана күніне ән тарту
1,022
оқылды
Астана күніне орай 6 шілде күні Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның ұйымдастыруымен еліміздің Еңбек сіңірген қайраткері Ұлықпан Жолдасовтың шығармашылық кеші өтеді. Ұлықпан Жолдасовтың бүкіл өмірі музыкамен байланысты, оның туынды­лары рухани әлемнің, көңіл күйдің, ойлар мен сезімдердің көрінісіне айнал­ған. Композитордың әндерін Мақпал Жүнісова, Мәдина Сәдуақасова, «МузАРТ» «Нұр-Мұқасан» және басқа да қазақстандық эстрада жұлдыздары мен ұжымдары орындайды. «Махаббат мау­сымы» әні Алтынай Жорабаеваға Голливудтағы халықаралық байқауда бас жүлде алып берді. 6 шілде күні әнсүйер қауым қазақ­стан­дық әндердің алтын қорын құрайтын Ұлықпан Жолдасовтың «Жайна», «Сен жаным», «Өмір-көктем», «Романтик», «Жұлдыздар», «Әдемім», «Білемін», «Сүйіктім», «Сенім», «Ұлы дала» және тағы басқа шығармаларын тыңдауға мүмкіндік алады. Амфитеатр сахнасында атақты әнші әрі композитор Ұлықпан Жолдасов және Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Өнербаев, Қазақ­стан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткерлері Алтынай Жорабаева, Қанат және Светлана Айтбаевтар, Арайлым Рахым, Естай Мұқашев, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлы­ғының лауреаты Нұрбол Балапанов, халықаралық және республикалық бай­қау­лардың лауреаттары Зарина Омарова, Диана Май, Мұратбек Хайролда, Гүлнұр Оразымбетова, Фарида Жолдасова және басқа да әншілер өнер көрсетеді.