Жылжымалы көрме ашылды
Жылжымалы көрме ашылды
806
оқылды
Кеше «Ұлы жібек жолы және Отырар алқабының ортағасырлық өркениеті» атты жылжымалы көрменің ашылу сал­танаты өтті. Көрмені Мәдениет және спорт ми­нистрлігінің қолдауымен «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» мен «Отырар» мемлекеттік археология­лық музей-қорығымен бірлесе ұйымдас­тырған. Ашылу салтанатында Мәдениет ко­митеті төрағасының орынбасары Күміс Сейітова, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Жандос Болдықов, Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директоры Жангелді Махашев сөз сөй­леп, көрменің маңыздылығы мен мән-мазмұны жайлы пікірін білдірді. Көрмеге Отырар тарихынан сыр шертетін 170-ке жуық түпнұсқа жәдігер қойылды. Көрме екі бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлім – Орталық Азия мен Қазақстанның оңтүс­тігін­дегі қала мәдениетінің дәуірлеген кезіндегі Отырар, яғни ІХ-ХІІ ғғ. Оты­рар­дың тыныс-тіршілігін баяндай­тын зерттеулер нәтижелері мен сол кезең­дер­ге тән түпнұсқа жәдігерлерден тұрады. Екінші бөлімде – Моңғол шапқын­шылығынан кейінгі Отырардың қайта өркендеу дәуірі. Әйгілі сұлтан Әмір Темір дәуірі және Қазақ хандығы тұсындағы Отырардың даму кезеңдерінен хабар беретін заттай жәдігерлер қойыл­ды. Сондай-ақ ала тұрғындары көрмені 1 ай көлемінде Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының көрме залынан тамашалай алады.

Құралай БАБАЖАНОВА, №78 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназияның оқушысы