2021 жылы Қаржылық мониторинг агенттігі 22 кг 734 гр әртүрлі есірткі контрабандасының 28 фактісін анықтады, - деп хабарлады ведомство.
"Ағымдағы жылы құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп, есірткі контрабандасына қатысты 14 факті анықталды. Заңсыз айналымнан 2 кг 200 гр әртүрлі препараттар шығарылды", - деп жазды агенттік.
Қаржылық мониторинг агенттігі ел азаматтарының денсаулығына зиян келтіретін қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмысты жалғастырады.