Шуда 10 келіден астам есірткіні мотоциклмен тасымалдағандар ұсталды – видео
Шуда 10 келіден астам есірткіні мотоциклмен тасымалдағандар ұсталды – видео
Фото: polisia.kz
1,345
оқылды
Жамбыл облысы Шу ауданында 10 келіден астам есірткіні мотоциклмен тасымалдаған, – деп жазады Polisia.kz. Полиция Шу – Меркі тасжолының аумағында мотоциклмен кетіп бара жатқан Шу және Мойынқұм ауданы тұрғындарын тоқтатты. Ұсталғандардан жалпы салмағы 10 келі 600 грамм болатын екі қап кептірілген марихуана тәркіленді. Күдіктілер кінәсін мойындады. Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына  қамауға алынды. https://youtu.be/LVIaucMGo9s Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен тергеу басталды.