ҚТЖ Украинадан бидай тасыған өзіне тиесілі «Жібек Жолы» кемесіне қатысты қосымша мәлімдеме жасады
ҚТЖ Украинадан бидай тасыған өзіне тиесілі «Жібек Жолы» кемесіне қатысты қосымша мәлімдеме жасады
1,862
оқылды
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы қазақстандық «Жібек жолы» кемесінің Украина астығын тасымалдағаны туралы ақпаратқа қатысты қосымша мәлімдеме жасады.
«Кеше БАҚ Украина Бас прокуратурасы жүк кемесін ұстап, қамауға алу жөнінде Түркияға сұрау салғанын хабарлады. Бұл өтініштің нақтылығын Украинаның уәкілетті мемлекеттік органдары тексереді. Екі елдің елшілерімен белсенді консультациялар жүргізіліп жатыр. Бұрын хабарланғанындай, астық сату мәмілесі эстониялық Mangelbert OU компаниясы мен түрік тарапы арасында жүргізілген. Еуропада тіркелген компания мәміленің заңды екенін мәлімдеп отыр. Жағдайды түсіндіру және халықаралық құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында ҚТЖ кемені жалға алушыға барлық растаушы құжаттарды (келісімшарттар, куәліктер және т.б.) қоса бере отырып, мән-жайды жедел түрде егжей-тегжейлі түсіндіруді сұрап хат жолдады. ҚТЖ халықаралық құқық нормаларын сақтауға міндетті екенін растайды», - делінген «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.