Павлодарда үш жасар қыз 4-қабаттан құлап кетті
Павлодарда үш жасар қыз 4-қабаттан құлап кетті
518
оқылды
Павлодар қаласында үш жасар қыз 4-қабаттан құлап кетті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, Павлодар қаласы, Малайсары батыр, 17 мекенжайындағы оқиға туралы хабар жедел жәрдемге 1 шілде күні сағат 18:23-те түскен. Жедел жәрдем 4 минутта жеткен. - 4-қабаттан 2019 жылы туған қыз бала құлап кеткен. Бала көптеген жарақаттармен жақын маңдағы стационар облыстық ауруханаға жеткізілді. Кейін мұнда арнайы реанимациялық көлік жіберіліп, облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, – деді басқармадағылар.