Елорда кубогы: бүгін финал сағат нешеде басталады?

Елорда кубогы: бүгін финал сағат нешеде басталады?
Фото: baribar.kz

Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Елорда кубогы үшін жекпе-жек өтіп жатыр. 23 қазақстандық боксшы финалға өтті.

Халықаралық жарыс бүгін аяқталады.

Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, ерлер арасында Қазақстанның 54 боксшысы сынға түсіп, 16-сы финалға жолдама алды. Финалистер арасында Теміртас Жүсіпов, Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан да бар.

Енді олар Қытай, Куба, Өзбекстан боксшыларымен күш сынасады.

 

Елорда кубогы: бүгін финал сағат нешеде басталады?
Фото: kfb.kz

Ал әйелдер боксында 45-тің жетеуі бас жүлде үшін бақ сынайды. Бапкерлер Марина Вольнова, Жайна Шекербекова, Карина Ибрагимоваға үміт артып отыр.

Финал бүгін сағат 14.00-де басталады.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.