Мемлекеттік органдарға жұртшылықтың сенімін арттыру жолдары зерделенді
Мемлекеттік органдарға жұртшылықтың сенімін арттыру жолдары зерделенді
920
оқылды
Қазақстан облыстары әкімдіктері баспасөз қызмет жетекшілері мен қызметкерлері мемлекеттік секторда әлеуметтік желілерді пайдаланудың озық тәжірибесі және жұртшылықпен қарым-қатынас жасаудың цифрлық әдістерімен танысты. Астана мемлекеттік қызмет хабы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен (АҚДМ) бірлесе отырып «Әлеуметтік желілер – мемлекеттік органдар мен жұртшылық арасын байланыстырушы тиімді платформа» атты семинар өткізуде. Интернет пен әлеуметтік желілер қазір заманауи адам өмірінің, оның ішінде еліміздің барлық саласына дендеп енді.  Семинар кезінде ҚР АҚДМ мемлекет пен қоғам коммуникациясын дамыту департаменті директоры Бекзат Рахимов атап өткендей, Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде әлеуметтік желілердің рөлі айтарлықтай өсуде. Спикердің айтуынша, «Интерньюс-Қазақстан»  жасаған медиа тұтынуды зерттеу нәтижелері бойынша, 2019 және 2021 жылдармен салыстырғанда теледидар, баспасөз, радио және тіпті қарапайым веб-сайттар сынды дәстүрлі ақпарат көздері үлесі төмендеген. Ал әлеуметтік желілер мен мессенджерлер үлесі кемімеген, тіптен шамалы өскені байқалады. Зерттеу деректеріне қарағанда, халықтың ресми ақпарат көздеріне деген сенім деңгейі осы кезең аралығында екі есе төмендеп, 4,5% болғанына министрлік өкілі назар аудартты. Мемлекет Грузиялық сарапшылар Ани Сирбиладзе мен Иракли Джинианидзе мемлекеттік органдарды әлеуметтік медиада ілгерілету бойынша әлемдегі және аймақтағы цифрлық үрдістер туралы баяндады. Сондай-ақ, олар мемлекеттік дағдарыстар кезіндегі әлеуметтік желілердің рөліне тоқталып, әлемдегі ең үздік тәжірибелерді ұсынды. Спикерлер семинарға қатысушылардың белсенділігі мен ашықтығын атап өтті. Іс-шара барысында баспасөз хатшылары цифрлық платформаларда халықпен өзара әрекет ету саласындағы тәжірибелерімен бөлісіп, сын-тегеуріндер бойынша ойларын ортаға салды. Оларды халықтың сенімін арттырудың заманауи әдіс-тәсілдері ерекше қызықтырды. Қатысушылар әртүрлі кейстерді талдап, халықпен тиімді байланыс орнату мақсатында контент түрлерін пайдалану мен цифрлық қарым-қатынас орнату мәнерлерін талқылады. Олар түрлі арналарға, пайдаланушылардың мінез-құлық реакцияларына, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі стратегиялық жоспарлау мәселелеріне сараптама жасады. Семинардың практикалық бөлімінде қатысушылар аудиторияны қамту және олардың белсенділігін арттыру үшін визуалды әсерлер мен бейнеконтент жасауды да үйренді. Бұл семинар - Астана Мемлекеттік қызмет хабы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп ұйымдастырған мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтері қызметкерлеріне арналған коммуникация бойынша оқыту семинарлар топтамасы жалғасы. Қазіргі таңда оқыту бағдарламасы аясында орталық меморгандар баспасөз хатшылары да оқуда. Олар семинарлардың білімді қолдану жағына баса назар аударатынын айтып, алдыңғы семинарлардан кейін әлеуметтік желілерге арналған жаңа қосымшаларды меңгеріп, видеоконтент жасап, көбірек аудиториямен жұмыс жасаудың заманауи құралдарын, оның ішінде, мысалы, TikTok, Telegram-каналдарын белсенді пайдалана бастағандарын баяндады. Жалпы 35 баспасөз қызметі жетекшілері цифрлы коммуникация саласында жаңа білім алып, біліктіліктерін жетілдіруде.