Елордадағы сауда орталығында ер адам өз әйелін кепілге алды, - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
4 шілдеде сағат 17.06-да "102" арнасына "Тұлпар" сауда орталығында ер адамның қарумен әйелді кепілге алғаны туралы хабарлама түскен.
"47 жастағы ер адам ұсталды. Операция кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Тегіс ұңғылы аңшы қаруы тәркіленді. Ер адам өз әйелін кепілге алғаны белгілі болды. Оқиғаға ажырасу процесі себеп болған. Әйелге психологиялық көмек көрсетіліп жатыр", - деді баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шауленова.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу шаралары басталды.