Био-әжетхана мәселесі субсидиямен де шешілер емес
Био-әжетхана мәселесі субсидиямен де шешілер емес
439
оқылды
Биылдан бастап әр био-әжетхана үшін 83 мың теңге көлемінде субсидиялау жүргізіліп жатқаны белгілі. «Хабар 24» телеарнасының мәліметінше, тазалық пен күтімге қатысты талаптар жоғары болғандықтан, субсидия алуға өтініш беріп жатқандар саны саусақпен санарлық. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысынан небәрі екі-ақ өтініш түскен. Қазір ел бойынша 500-ге жуық био-дәретхана бар. Бірақ олардағы күтім мен тазалық көңіл көншітпейді.
"Басқа мемлекеттік органдар келісім берген жағдайда субсидиялау көлемін көтеру жоспарымыз бар. Енді бұл жерде атап өту керек, негізгі әкімшілік кедергілер туалеттер астындағы жер учаскесін растайтын құжаттың бар болуында. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бөлек кабиналардың болуы тиіс деген де талап бар", - дейді Индустрия және туризм комитеті төрағасының орынбасары Мирас Төлебаев.