Бір күнде 330 адамнан коронавирус анықталды  
Бір күнде 330 адамнан коронавирус анықталды  
Фото: turantimes.kz
515
оқылды
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бір тәулікте 330 адамнан коронавирус анықталды. Атап айтқанда: Нұр-Сұлтан қаласында – 36, Алматы қаласында – 191, Шымкент қаласында – 28, Ақмола облысында – 11, Алматы облысында – 10, Атырау облысында – 9, Шығыс Қазақстан облысында – 4, Жамбыл облысында – 12, Батыс Қазақстан облысында – 1, Қарағанды облысында – 12, Қостанай облысында – 4, Қызылорда облысында – 3, Павлодар облысында – 4, Солтүстік Қазақстан облысында – 1, Түркістан облысында – 4. Сондай-ақ 7 шілдедегі мәлімет бойынша, 1 734 адам коронавирустан (–1 677+ және 57 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 263 пациент стационарда, 1 471 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 12 адамның жағдайы ауыр. Бұған дейін Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев «Кез келген вакцина өмір бойы қорғай алмайды» деген еді.