Астанада концертке барып, адасып кеткен 9 жастағы бала бұтаның арасынан табылды

вакцина
Фото: mihaylovskoe.bezformata.com

Полиция департаментінің хабарлауынша, астанада кеше 9 жастағы бала жоғалып кеткен.

6 шілде күні сағат 00.00-де полицияға қала тұрғыны кешкі сағат 20.30-да Бабатайұлы көшесіндегі үйден 9 жастағы баласы велосипедпен шығып, үйіне қайта оралмағанын айтқан.

Полицейлер еріктілермен бірге іздеп, баланы таңертең тапты.

«Полицейлер мен «LIDER.KZ еріктілер қозғалысы» өкілдері іздеу нәтижесінде, таңертең сағат 07.00-де Қарттар үйіне таяу маңдағы құрылыс алаңындағы бұтаның арасынан баланы тапты. Ол кешкі уақытта велосипедпен «Көктал-2» елді мекеніндегі концертке барып, түнде үйіне қайтар жолды таба алмай, адасып кеткен. Көшеде түнеген», – дейді Нұр-Сұлтан қаласы Қылмыстық іздестіру басқармасы іздеу бөлімінің бастығы Нұрғали Асылхан.

Баланың ата-анасы полицейлерге алғыс айтты.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.