Қайрат Боранбаевты тұтқында ұстау мерзімі тағы 1 айға ұзартылды
Қайрат Боранбаевты тұтқында ұстау мерзімі тағы 1 айға ұзартылды
© "Қайрат" ФК
422
оқылды
Сот шешімімен Қайрат Боранбаевты күзетпен ұстау мерзімі тағы созылды. 
«2022 жылғы 8 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.Боранбаевқа қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты», – делінген Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты таратқан ақпаратта.
Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевқа квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісі бойынша  іс қозғап, уақытша ұстау изоляторына қамаған болатын. Forbes.kz жазуынша, Қайрат Боранбаев Қазақстандағы ең ықпалды 50 кәсіпкердің қатарына кіреді. 2021 жылдың қарашасындағы рейтинг бойынша ол бұл тізімде 14-орында тұр.