Қарағандыда 11 жасар бала лифт шахтасына құлап кетті

Қарағандыда 11 жасар бала лифт шахтасына құлап кетті
© pixabay.com

Қарағандыда 11 жасар бала құрылысы аяқталмаған ғимараттың лифт шахтасына құлап кетті, - деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция департаментінің мәліметінше, жазатайым оқиға 3 шілдеде болды. Бала ауыр жарақат алғанымен, аман қалды.

"Ол медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - делінген хабарламада.

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бала облыстық балалар клиникалық ауруханасында жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы тұрақты екенін жеткізді.

Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Ғимарат толық салынбағаны белгілі. Ол - жекеменшік нысан және профлистпен қоршалған.

Бірақ жақын маңдағы үйлердің тұрғындары балалар кейде оның аумағына кіріп, сол жерде ойнайтынын айтады

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.