Қатты жаңбыр, аптап ыстық, дауыл: бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Қатты жаңбыр, аптап ыстық, дауыл: бірнеше өңірде ескерту жарияланды
3,431
оқылды
Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады. Нұр-Сұлтанда күндіз найзағай ойнайды деп болжайды. Күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі. Облыстың солтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында +35°C дейін қатты ыстық болады. Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз Қостанай облысының оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Қызылорда облысының басым бөлігінде және Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күн күркіреген кездегі екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз Атырау облысында қатты ыстық: +37°C. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз қатты ыстық: +35...+37°C. Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. 10-11 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, таулы аудандарда соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.