Шанхай ауруханасында белгісіз біреу төрт адамға пышақ салып, адамдарды кепілге алған
Шанхай ауруханасында белгісіз біреу төрт адамға пышақ салып, адамдарды кепілге алған
491
оқылды
Ер адам Шанхай ауруханасында адамдарға пышақпен шабуыл жасады, төрт адам жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости.
Сенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 11.30-да (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 9.30) полицияға "Жуйцзинь" ауруханасында адамдарға шабуыл жасалғаны туралы хабар түсті.
Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары аурухананың амбулаториялық бөлімінде адамдарды кепілде ұстап, пышақ кезенген ер адамды анықтады. Полицейлер қаскөйді жарақаттап, табельдік қаруды қолдануға мәжбүр болған.
Зардап шеккен төрт адамға қажетті медициналық көмек көрсетілді, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.