Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 477 жағдай тіркелді. Осымен елімізде коронавирус індетіне шалдыққандар саны 1 309 434 адамға жетті. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Жоғарыдағы бүгінгі көрсеткішті тарқататын болсақ,
Нұр-Сұлтан қаласында – 120,
Алматы қаласында – 165,
Шымкент қаласында – 44,
Ақмола облысында – 14,
Алматы облысында – 40,
Шығыс Қазақстан облысында – 1,
Жамбыл облысында – 17,
Батыс Қазақстан облысында – 4,
Қарағанды облысында – 34,
Қостанай облысында – 7,
Қызылорда облысында – 9,
Маңғыстау облысында – 5,
Павлодар облысында – 5,
Солтүстік Қазақстан облысында – 5,
Түркістан облысында 7 азамат ауырған.
Көріп отырғанымыздай, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында індет тағы өрши бастады.
Айта кетейік, Қазақстанда соңғы тәулікте 168 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Оның ішінде,
Нұр-Сұлтан қаласында – 30,
Алматы қаласында – 124,
Алматы облысында – 9,
Жамбыл облысында – 4,
Қарағанды облысында 1 адам тұрады.
Елімізде барлығы 1 293 322 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.