Ақмола облысында инкассаторларды тонағандар ұсталды
Ақмола облысында инкассаторларды тонағандар ұсталды
409
оқылды
Ақмола облысында инкассаторларға қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл маусымның 7-де сағат 12:00 шамасында Шортанды ауданының Бозайғыр ауылында төлемдерді қабылдайтын терминалдарға қызмет көрсететін екі инкассаторға қарақшылық шабуыл жасалған.
«Ақмола облысында инкассаторларға қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер - Қосшы қаласының 27 және 24 жастағы тұрғындары ұсталды. Анықталғандай, инкассаторлар төлем қабылдайтын терминалдан ақша шешіп алған кезде, беттерін медициналық маскамен тұмшалаған белгісіз екі адам олардың көлігіне баса көктеп кірген. Сондай-ақ, тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, ауылдың шетіне баруға мәжбүр етіп, 14 миллион теңгені алған соң тайып тұрған», - деп хабарлады ведомстводан.
Қазіргі кезде, осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 192-бабы 4-бөлігі 2-тармағы «қарақшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Қылмыстың ашылуын полиция департаментінің бастығы Д.Таев бақылауына алып отыр.