Сарыағашта сүйіктісінің телефонын тартып алып, сатып жіберген ер адам ұсталды
Сарыағашта сүйіктісінің телефонын тартып алып, сатып жіберген ер адам ұсталды
Фото: in.pinterest.com
627
оқылды
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында жігіт сүйіктісінің телефонын тартып алып, сатып жіберген, – деп жазады Polisia.kz. Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жас қыздың айтуынша, өзінің танысы iPhone 12 Pro max телефонын тартып алып, кетіп қалған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі – 400 мың теңге. Полицейлер ҚК-нің 389-бабы ("Өзінше билік ету") бойынша тіркеуге алды. Күдіктіні тауып, полиция бөліміне жеткізді. Жас жігіт жәбірленуші қыздың сүйіктісі екені анықталды. Екеуі жанжалдасып қалып, қыздың телефонын тартып алып кеткен. Телефонды сатып, ақшасын жаратып жіберген. Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.