Ақмола облысында бейтаныс адаммен телефон арқылы сөйлескен әйел 1,1 млн теңгесінен айырылып қалды
Ақмола облысында бейтаныс адаммен телефон арқылы сөйлескен әйел 1,1 млн теңгесінен айырылып қалды
© stan.kz
1,178
оқылды
Ақмола облысында өзін банк қызметкерімін деп таныстырған алаяқ әйелді алдап, оның 1,1 млн теңгесін шешіп алған, - деп хабарлайды Polisia.kz. Талапкер ауылының 29 жастағы тұрғыны 30 маусым күні полицияға шағым түсірді. Айтуынша, содан бір күн бұрын оған бейтаныс ер адам хабарласып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырған. Ол әйелге жеке шотындағы ақшаның қолды болуы мүмкін екенін ескерткен. Алаяқ ақшаны сақтап қалуға көмектесетінін айтып, ол үшін карта нөмірі мен cvv-код керек екенін айтқан. Ал аңғал әйел жинаған ақшасы үшін қорқып, тиісті мәліметтерді берген. Сол күні оның шотынан 1,1 млн теңге шешілген. Шағым түсе салысымен, полицейлер Қылмыстық кодекстің "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Жедел іздеу шаралары барысында полицейлер 23 жастағы Аршалы ауданы Жібек Жолы ауылының тұрғынын ұстады. Жас жігіт алаяқтықпен айналысатын бүтін бір топтың мүшесі болып шықты. Қазіргі уақытта аталған іс бойынша іздестіру шаралары жалғасуда. Қылмысқа қатысы бар өзге тұлғалар анықталуда.