Әли Бектаев ГФР Азық-түлік және ауыл шаруашылығы федералды министрі жанындағы статс-хатшымен кездесті
Әли Бектаев ГФР Азық-түлік және ауыл шаруашылығы федералды министрі жанындағы статс-хатшымен кездесті
457
оқылды
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Әли Бектаев ГФР Азық-түлік және ауыл шаруашылығы Федералды министрі жанындағы статс-хатшы Офелия Никпен кездесті. Әли Бектаев Қазақстан маңызды тарихи даму кезеңінде екенін атап өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша барлық салада кешенді және жүйелі өзгерістер жүргізілуде. Еліміздің саяси жүйесін одан әрі демократияландыру – басты бағыттардың бірі болып табылады. Реформалардың бәрі ахуалдық тұрғыда емес, стратегиялық сипатқа ие. «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, органикалық өнім өндіру және халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету – Қазақстандағы басымдықтардың бірі болып табылады. Қазақстан жаңартылатын және балама энергия көздерінен өндірілетін электр энергиясының жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергетика үлесін тұтынатын барлық энергияның кемінде жартысына жеткізуге ниеттеніп отыр», - деді сенатор Әли Бектаев. Офелия Ник өз кезегінде жылы шырайлы қабылдау мен елдер арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау мүмкіндігі үшін алғысын білдірді. Тараптар кездесу барысында еліміздің Салық кодексіне қабылданған түзетулерді, оның ішінде инвестициялар көлемі мен мерзіміне және жұмыс орнына байланысты инвесторларды корпоративтік, табыс, жер салығынан және ҚҚС-дан 10 жылға дейінгі мерзімге босатуға мүмкіндік беретін жәйттарды талқылады.