«Ресей банкі биыл ақпан айында негізгі мөлшерлемені 9,5 пайыздан 20 пайызға дейін көтеріп, осы көрсеткіштің екі есе артуынан кейін экономиканың құлдырауынан болып жатқан дефляциялық процестерді ескере отырып, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін оны 9,5 пайызға дейін қайта төмендетті. Көр шімізде бірнеше аптадан бері дефляция байқалып отырғанын, маусымдық түзетілген инфляция соңғы уақытта межеленген деңгейден айтарлықтай төмен болғанын ескерсек, бұл ретте мөлшерлемені қарқынды төмендету – заңды құбылыс. Ал Ресейдегі жағдайға қарағанда, Қазақстанда рецессия күтілмейді, керісінше іскерлік белсенділіктің, сұраныстың өсуі жағдайында қосымша фискалдық импульс аясында инфляциялық қысымның одан әрі күшеюі күтіліп отыр. Осы орайда Ресей мен Қазақстандағы базалық мөлшерлемелерді салыстыру дұрыс емес», – деді банк төрағасы.Айта кетейік, ақпанның аяғында Ресейдің Орталық банкі директорлар кеңесінің шұғыл отырысында негізгі мөлшерлемені бірден 20 пайызға дейін көтерді. Кейін 17 пайызға, 14 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылданды. Мамырда негізгі мөлшерлеме 11 пайызға дейін төмендетілді.
Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ