Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
5,823
оқылды
"Қазгидромет"  мамандары 14, 15 және 16 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер мәліметінше, Иран аймақтарынан келетін жылы ауа массалары Қазақстанның барлық аумағына әсерін тигізеді.
"Жылы ауа массасы жазғы ауа температурасын әкеліп, Қазақстанның бүкіл аумағына әсер етеді. Тіпті, еліміздің солтүстігінде термометр бағаны күндіз 30-35 градус болады", – делінген хабарламада.
Бірақ жоғары температураға қарамастан, қысқамерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады.
"15 шілдеден бастап батысқа қарай, ал 16 шілдеден бастап Солтүстік циклон елдің солтүстігіне әсер ете бастайды, бұл ауа температурасының аздап төмендеуіне әкеледі", – деді синоптиктер.