Қапшағайда құтқарушылар суға батып бара жатқан британдық азаматты құтқарып қалды
Қапшағайда құтқарушылар суға батып бара жатқан британдық азаматты құтқарып қалды
339
оқылды
Қапшағай су қоймасында жағадан 100 метр қашықтықта 49 жастағы Ұлыбритания азаматы құтқарылды. Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 13 шілде күні сағат 18:55 шамасында Қонаев қаласының жедел-құтқару жасағының құтқарушылары суға батып бара жатқан 1973 жылы туған ер адамды байқап қалған.
«Құтқарушылар ер адамды жағаға аман-есен алып шықты, британдық азамат медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ», - деп хабарлады ведомство.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.