«AMANAT»: мобильді топ өкілдері үш ауылда қабылдау өткізді
«AMANAT»: мобильді топ өкілдері үш ауылда қабылдау өткізді
332
оқылды
Бүгін «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы мобильді қабылдау бригадасы Шиелі ауданына қарасты Майлытоғай, Бала би, Бәйгеқұм ауылдарының тұрғындарын қабылдады. Қабылдауға 40-қа жуық  азамат келіп, өтініш тілектерін білдірді. Сондай-ақ тұрғындар түрлі бағыттарда заңнамалық кеңестер алды. Майлытоғай ауылының тұрғындары  бойынша ескірген трансформаторларды ауыстыру, ауылға жаңадан клуб ғимаратын соғу, спорт алаңдарын салу секілді мәселелерді ортаға салды.    width= Қазір ауыл жастары қол қалт етсе, телефонға телміріп отырады. Үнемі телефонға үңіліп үйден шықпаған жастың денсаулығы қайдан болсын. Сол себепті бос уақытта дене шынықтыратын ауылда заманауи спорт алаңдары болса. Ауылдағы жалғыз клубымыз бар еді қазір құлау үстінде тұр. 2013 жылы жарамсыз деп танылды, - дейді ауыл тұрғыны, зейнеткер Сейтмұрат Торғауытов. Ал, Бала би ауылы тұрғындары 1965 жылы негізі қаланған ауылдық емхана ғимаратының заманауи талаптарға сәйкес келмейтіндігін, санитарлық автокөлігінің науқастар үшін қолайсыз, тозығы жеткенін сонымен қатар, ішкі жолдар, көпір, елді мекенді газдандыру, электр энергиясының төмендігі төңірегінде өтініштерін айты. Мәселен, ауыл тұрғыны зейнеткер Снабек Нұрғали ескірген трансформаторларды ауыстыруды сұрайды. Ауылдың ішінде электр энергиясының қуаты төмен бірнеше көше бар. Түнгі мезгілде оқушылардың сабаққа дайындалуына кедергілер келтіріп, тұрғындардың тұрмыстық техникаларының істен шығып, күйіп кетуі жиі орын алуда, - деді ақсақал. Бәйгеқұм тұрғындары елді мекен тоғыз жолдың торабында орналасқандықтан туризмі дамыған, он жарым мыңға тарта халық жүретін жолдарға қауіпсіздікті арттыру мақсатында 5 бейне бақылау орнатылса, «AMANAT» партиясы жайылымдық жерлер мәселесін шешіп берсе дейді. Мобильді топ мүшелері әрбір өтініш назардан тыс қалмай, олардың оң шешілуі бойынша нақты жұмыстар жасалатынын жеткізді.