Астана әуежайына түнде де автобус қатынайды

Астана әуежайына түнде де автобус қатынайды
Фото: newtimes.kz

Астанада 15 шілдеден 8 тамызға дейін әуежайға қоғамдық көлік қатынайды.

City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, мұндай шешім елорда әуежайының түнгі жұмыс режиміне уақытша көшуіне байланысты қабылданған. Жолаушыларды №10 бағыттағы автобустар тасымалдайды.

Әуежайдан №10 бағытының түнгі рейстерінің шығу уақыты: 23.18, 00.29, 01.59, 02.59. Бағдардың күндізгі қозғалыс кестесі өзгеріссіз қалады.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.