Қызылжарда абақтыда жазасын өтеп жатқан ер адам 8 жастағы қызды зорлаған
Қызылжарда абақтыда жазасын өтеп жатқан ер адам 8 жастағы қызды зорлаған
Фото: volga-kaspiy.ru
3,700
оқылды
Түрмеде жазасын өтеп жатқан 27 жастағы ер адам 8 жастағы қызды зорлады, – деп хабарлайды AstanaTV. Ойқала ауданында 8 жастағы қызды үйінің жанынан ұстап алып, арам ойын іске асырған. Күдікті ретінде 27 жастағы ер адам ұсталды. Оның қазір  жазасын өтеп жатқаны белгілі болды. 2020 жылы ұрлық жасағаны үшін сотталып, қатаң тәртіптегі түрмеге қамалған. Бірнеше ай бұрын Петропавлдың қасында орналасқан еркін тәртіптегі колонияға ауыстырылған. Полиция істің мән-жайын анықтап жатыр.
Петропавл қаласының прокуроры Арман Нұртазин: «Ер адам қылмыс болған аумақта жеке кәсіпкерге жұмыс істеп жүрген. Еңбек кодексіне сәйкес, жеңіл тәртіптегі колонияда жазасын өтеушілер қалада жұмыс істеуге құқылы. Бірақ оның неге жұмыс орнында болмағанын, жауаптылар неге бақыламағанын анықтаймыз. Күдікті қылмыс жасаған соң қашып кеткен жоқ. Ольшанкадағы колонияға оралған. Біз оны сол жерден таптық», – дейді.