Астанада 6-қабаттың терезесінен құлағалы тұрған баланы құтқарған Есдәулет Дәуітбековке министр медаль тақты
Астанада 6-қабаттың терезесінен құлағалы тұрған баланы құтқарған Есдәулет Дәуітбековке министр медаль тақты
1,218
оқылды
Төтенше жағдайлар министрлігінде министр Юрий Ильин ерлігімен көзге түскен Есдәулет Дәуітбековті «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен және естелік сыйлықпен марапаттады. Ол терезеден құлай жаздаған баланы құтқарған. Кездесуге батырдың анасы Әсемгүл Қабдықалықова да қатысты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  Юрий Ильин батыр жігіт Есдәулет Дәуітбековке көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін алғыс білдіріп, болашақта ТЖМ азаматтық қорғау органдарының қатарынан осындай батыл жігіттерді көргісі келетінін айтты. Сонымен қатар батырдың анасына гүл сыйлап, нағыз батырды тәрбиелегені үшін алғыс айтты. Сөз соңында министр мұндай ерлік өскелең ұрпаққа үлкен үлгі-өнеге беретінін атап өтті.    width= 2022 жылғы 13 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласы «Шерқала» ТК мекенжайы бойынша 17 жастағы жасөспірім құтқару бөлімшелері келгенге дейін москит торын итеріп жіберіп, 6-қабаттың терезесінен құлағалы тұрған баланы құтқарды. Есдәулет өз өмірін қатерге тігіп, көршінің терезесінен баланың пәтеріне өтіп, оны құтқарып қалды. Бұл ерлік әлеуметтік желілерде қызу талқыланды.