Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматуллиннің ұлына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматуллиннің ұлына қатысты қылмыстық іс қозғалды
© kaztag.kz
1,987
оқылды
"Қазфосфат" ЖШС минералды тыңайтқыштар өндіру зауытының бірінші басшысы Нұрхан Нұрлановқа қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, - деп жазады ҚазТАГ "13 шілдеде Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің қорытындысы негізінде "Қазфосфат" ЖШС басшылығына қатысты "аммофосты" (ред. – ауылшаруашылық тыңайтқыштарының бірі) іске асыру кезінде жоғары бағаларды белгілеу және ұстап тұру арқылы заңсыз кіріс алу мақсатында монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 221-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", – делінген Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметінің КазТаг-қа жауабында.
Монополияға қарсы ұйымдар "Қазфосфат" ЖШС-ға қатысты аммофосты монополиялық жоғары баға бойынша сатқанын анықтаған болатын. Бұл ауыл шаруашылығы тыңайтқыштарының бағасы елдегі азық-түлік құнына тікелей әсер ететіндігін атап өту керек.
"Мысалы, "Қазфосфат" ЖШС аффилденген компанияға (KAZ Chemicals Trading House ЖШС) тыңайтқыштардың едәуір көлемін сатып, ал ол компания болса сауда үстемесіне 30% қосқан. Бұл жағдай монополияға қарсы әрекет ету шаралары нәтижесінде түзетілді. Өндіруші заңсыз кірісін қайтарады. Тиісті ведомстволар бұл мәселені қатаң бақылауда ұстауы керек", – деді Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы.