Қыс шанаңды жаз сайла
Қыс шанаңды жаз сайла
677
оқылды
Индустрия және инфра­құрылымдық даму ми­нистрлігі осы бастан алдағы жылыту маусымына дайын­дық мәселелерін талқылады. Қазір бюджеттік ұйымдар мен халық үшін көмір қажеттілігінің 2022-2023 жылдарға арналған жоспары әзірленген. Оған сәйкес, көмірді жалпы тұтыну көлемі шамамен 9,5 миллион тоннаны құрайды. Оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға 2,8 мил­лион тонна қарастырылса, 6,7 мил­лион тонна көмір халыққа арналған.
«Жылыту маусымына дайындық жұмыстарын министрлік 2022 жылғы наурыздан бастады. Ал жергілікті атқарушы органдарға биылғы 15 шілдеден бастап көмірді дайындау жұмыстарын бастау ұсынылды. Сондай-ақ алдағы қысқы маусымда көмір тапшылығын алдын алу мақсатында арнайы Жол картасы әзірленді. Бұл карта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс әкімдіктеріне жолданды», – деді Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов.
Жиынды қорытындылаған министр Қайырбек Өскенбаев жауапты тұлғаларға жылыту маусымына дайындық жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстауды тап­сырды.