Нұр-Сұлтан-Петропавл трассасында жүк машинасы эвакуатор көлігімен соқтығысты. Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 шілде күні сағат 18.02-де Шортанды аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Нұр-Сұлтан-Петропавл автожолының 39-шақырымында екі көлік соқтығысқаны туралы хабарлама түскен.
«Нұр-Сұлтан қаласына қарай бағыт алған Ресей Федерациясының 61 жастағы тұрғыны басқарған «Кроне» маркалы жүк көлігі Нұр-Сұлтан-Петропавл автожолының 39-шақырымында жолдың шетінде тоқтап тұрған ГАЗель эвакуатор көлігімен соқтығысты. Салдарынан фура жолдың үстіне аударылып қалды, ал ГАЗель автокөлігінің жүргізушісі түрлі жарақатпен Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 қалалық ауруханаға жеткізілді», – деді ведомстводан.
Полиция департаментінен атап өткендей, Алматы облысының 47 жастағы тұрғыны басқарған ГАЗель көлігі салқындату жүйесінің істен шығуына байланысты жол шетіне тоқтаған. Көліктің дабылды сигналы да жанып тұрған. Жол апатына байланысты қажетті іс-шаралар өткізілгеннен кейін түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады.