Ыстықкөлде жүргізуші Қазақстан құрамасының жаттықтырушысын қағып кетті
Ыстықкөлде жүргізуші Қазақстан құрамасының жаттықтырушысын қағып кетті
594
оқылды
Қырғызстанда қазақстандық жеңіл атлетика жаттықтырушысын көлік қағып өлтірді, - деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
16 шілде күні Ыстықкөлде Бұлан-Соготу (Комсомол) ауылында жеңіл атлетикадан қазақстандық жаттықтырушы Мұрат Жүзгенбаевты көлік қаққаны белгілі болды. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, ер адам жүгіру кезінде тәрбиеленушісінің жанында велосипедпен ілесіп жүрген. Қыз бала аман қалды. Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы, 58 жастағы Мұрат Жүзгенбаев Қырғызстанға екі спортшысымен бірге чемпионатқа дайындалу үшін барған. Белгілі болғандай, Lexus rx330 жүргізушісі Nissan Micra көлігімен соқтығысқан. Өз кезегінде екінші көліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол шетінде кетіп бара жатқан велосипедшіні қағып кеткен.