Алакөл жағасында жоғалған бес жастағы балалар табылды
Алакөл жағасында жоғалған бес жастағы балалар табылды
Фото: opennews.kz
Алакөл жағасында жоғалған бес жастағы балалар табылды.
«16 шілде күні кешке қарай Алакөл көлінің жағалауын күнделікті патрульдеу барысында Алакөл өңірінің жедел-құтқару жасағының құтқарушыларына 2017 жылы туған, Жетісу облысы Алакөл ауданы Ақши ауылында ата-анасымен демалыста жүрген екі отбасының балалары жоғалғандығы жөнінде хабарлама түсті. Ұл мен қыз бала ата-анасының көз алдында ойнап отырып, жоқ болып кеткен. Іздеуге алты құтқарушы мен 3 жүзу құралы жұмылдырылды. Балалар ата-аналары орналасқан орыннан шамамен 1 шақырым қашықтықта, әртүрлі жерлерден аман-есен табылды. Медициналық көмек оларға қажет болмады»,- делінген облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Балалардың ата-аналарымен судағы қауіпсіздік ережелері және су маңында кәмелетке толмаған балаларға үнемі назар аудару қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.