Алматыда көше ортасында бойжеткен соққыға жығылды
Алматыда көше ортасында бойжеткен соққыға жығылды
770
оқылды
Полиция Алматыда бойжеткенді соққыға жыққан ер адамды ұстады. Күдікті жәбірленушінің танысы болып шықты. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Видео сипаттамасында аталған оқыс оқиға Төле би және Байтұрсынов көшелерінің қиылысында, Алматы технологиялық университетіне қарама-қарсы бетте болғаны айтылады.
«Алматы қаласының Полиция департаменті бұл факті  Қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін хабарлайды. Жәбірленушінің танысы болып келетін күдікті ұсталды. Қылмыстық іс шеңберінде тиісті сараптамалар тағайындалды. Кінәлі адам заңға сәйкес қатаң жазаланатын болады. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында», – деп хабарлады ПД баспасөз қызметінен.