«Сыра королі» Тоқтар Төлешовтің ісі: балабақша мен шипажай мемлекет меншігіне қайтарыла ма?
«Сыра королі» Тоқтар Төлешовтің ісі: балабақша мен шипажай мемлекет меншігіне қайтарыла ма?
Фото: news.myseldon.com
Шымкентте «сыра королі» атанған Тоқтар Төлешовтің иелігіндегі дүние мүлік тәркіленуі мүмкін. Бұл туралы Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия мәлімет таратты. «Жоғарғы Сот кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің (бұрынғы Шымкент сыра зауытының директоры ред.) активтерін (атап айтқанда, Шымкенттегі балабақша және Сарыағаштағы профилакторий) заңсыз қайта ресімдеудің күшін жою туралы прокуратураның кассациялық өтінішхатын қарап жатыр», – делінген комиссия таратқан ресми ақпаратта. Жоғарғы Сот сот актісінде 4 фактіге наразы. Істің ақ-қарасы анықталса, 30 миллиард теңгеге жуық мемлекетке келген шығынның орны толмақ. Бұған дейін Aikyn.kz Тоқтар Төлешовтен 1,2 миллиард теңге өндірілгені туралы жазды. Айта кетейік, Шымкент сыра зауытының бұрынғы қожайыны Тоқтар Төлешов 2017 жылы Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айыпты деп танылған болатын. Еңбекші аудандық соты оны 21 жыл бас бостандығынан айырып, жазаны барынша қатаң түрде өтеуге үкім шығарды.