Оралда жол апатынан 8 адам қаза тапты: оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Оралда жол апатынан 8 адам қаза тапты: оқиғаның мән-жайы белгілі болды
© inbusiness.kz
10,349
оқылды
Полицейлер Оралда 18 шілде күні түнде айналма тасжолда екі көліктің соқтығысуы салдарынан 8 адам қаза тапқан жол-көлік апатының мән-жайын айтып берді.  «Мой город» порталының жазуынша, БҚО ПД жергілікті полиция қызметінің басшысы Мерхат Әженов Nissan көлігінің тізгінінде 32 жастағы жүргізуші болғанын, ол айналма тасжолда алдында келе жатқан көлікті басып озбақ болып қарсы жолаққа шыққан сәтте Lada көлігіне соғылғанын нақтылады.
«Апат салдарынан 8 адам: Lada жүргізушісі мен оның жолаушылары: 4 ересек пен 2 бала, сондай-ақ Nissan жүргізушісі қаза тапты. Қаза болғандар арасында бір отбасы: әкесі, анасы,  13 және 10 жастағы екі баласы түгел көз жұмды. Оқиға 18 шілде күні түнгі сағат 02.22-де айналма тасжолда болған», - деді полиция өкілі.
ПД өкілі Nissan автокөлігінің Ресейде тіркелгенін, автокөліктің тұрақты тіркелген орнын анықтау үшін сұраныстар жіберілгенін айтты.
«Айналма тасжолда апатты азайту үшін жылдамдық шегі 80 км/сағ-тан 60 км/сағ-қа азайтылды. Қосымша спидометрлер, камералар орнатылды. Полиция бақылауын күшейтті», – деді Әженов.
Анықталғандай, кінәлі жүргізушінің екі жыл ғана жүргізу тәжірибесі болған және бұған дейін бірқатар заңбұзушылық жасаған, оның ішінде екеуі жылдамдықты асыруға қатысты болған. Lada жүргізушісінің 20 жылдан астам жүргізу тәжірибесі болған, бір рет жылдамдықты асырғаны тіркелген. Бұған дейін хабарлағанымыздай, VenOil жанармай құю бекетіне қарама-қарсы тұста Nissan (көлікте тек жүргізуші болған) мен Lada (көлікте бес ересек адам мен екі бала болған) соқтығысып, 8 адам қаза тапқан болатын. Әлеуметтік желіде 2 көліктің соқтығысқан сәтінен видео жарияланды. https://www.youtube.com/watch?v=L1NHn_ufI48