«Томирис» – жаңа жоба
«Томирис» – жаңа жоба
410
оқылды
«AMANAT» партиясы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен, сондай-ақ Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігімен бірлесіп, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен «Томирис» жобасын іске қосатынын хабарлады. «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясының директоры Данияр Мұқитановтың айтуынша, оқыту бағдарламасынан өту үшін Қазақстанның барлық өңірінен 30 қатысушы іріктеледі. «Ең алдымен қатысушылар көшбасшылық, саясаттағы гендерлік мәселелер, құқық, эмоционалды интеллект, жобаларды басқару, келіссөздер, көпшілік алдында сөз сөйлеу және басқа да тақырыптар бойынша курстардан өтеді. Бағдарламада Қазақстан мен Германияның жетекші саяси қайраткерлерімен кездесулер қарастырылған. Оқыту қорытындысы бойынша қатысушылар өзі тұрып жатқан өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға бағытталғансаяси жобаларды әзірлеп, іске асыра алады», – деді ол. Жобаға қатысу шарттарымен Саяси менеджмент академиясының Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі аккаунттары арқылы толығырақ танысуға болады.