Студенттер жағдайы бақыланады
Студенттер жағдайы бақыланады
194
оқылды
Jas Otan  Жастар қанаты (ЖҚ) өкілдері Нұр-Сұлтан қала­сын­дағы жоғары оқу орын­дары мен колледж жатақ­ха­­на­ларына мониторинг жүргіз­ді. Jas Otan ЖҚ өкілдері әуелі жергілікті атқарушы органдармен, жастар ұйымдарымен, жергілікті полиция қызметінің және төтенше жағдайлар департаментінің қызмет­кер­лерімен бірлесіп «Политехни­ка­лық колледж» және Л.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық универ­сите­­тіне барды. 2019 жылы 21 тамызда Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы Н.Ә.Назарбаев қазақстандық жо­ғары оқу орындарында пара­қор­лық фактілері бойынша мәсе­лені зер­де­леуді, жатақхана­лардағы орындарды бөлу кезінде сыбайлас жемқорлық мәселелерін, студенттік үйлердің жағдайын және жастардың басқа да мәселелерін қарауды тапсырған болатын. Политехникалық колледж ғима­ратын тексеру кезінде көптеген жай­сыз жағдайлар анықталды. Себебі колледж жатақханасының авария­лық шығу есіктері жабық, терезелер ашылмайды және ғимарат ішінде тазалық сақталмаған. Жатақхана меңгерушісі Талғат Шаймерденовтің ғимаратты араламағанына көп уақыт болған сыңайлы. Ол сынған есіктер мен терезелерді көріп, бұрын мұндай жағдай болмағанын айтып ақталды. Жатақхана ғимараты 1966 жылы салынған, содан бері мүлде жөндеу жұмыстары жүргізілмегені белгілі болды. – Жастар үшін барлық қолайлы жағ­дайды жасауымыз қажет. Тексеріс барысында есіктердің жөнді жабыл­майтынын, электр сымдары­ның ші­рігенін көрдік. Жастар осылай өмір сүруге тиіс пе деген ойда қала­сыз. Біз Нұр-Сұлтан қаласында­ғы жатақ­ханалардың барлығын тек­серіп, студенттердің жай-күйімен танысатын боламыз, – деді  Jas Otan ЖҚ төрағасы Елнұр Бейсенбаев. Жатақханалардың көпшілігінде бөлмелердің жайсыз екені, еден тесіліп, есік тұтқалары сынғаны аңғарылады. Студенттердің  киімін жинастыруға қажетті шкафтар мен бөлме жабдықтары жоқ. Сондай-ақ кереуеттерге төселген төсеніштер тым жұқа, төсек-орны таза емес. Тіпті, кейбір ер балалардың жастық­тары жоқ. Дәретхана жағдайын айтпаса да белгілі. Бөлме қабырғала­ры ылғал, соның әсерінен жағымсыз иіс шығады. Кір жуатын орынды жатақхана қызметкерлері құлыптап қойған. Осыдан соң, жастар қанаты өкілдері колледж басшылығына жағдайды тез арада ретке келтіруді тапсырды.    width= Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық университетінің жатақ­ха­на­ла­рының жағдайы орташа. Сту­дент­тер үйінде көңіл толмайтын жерлер де жоқ емес. Қауіпсіздік басты мәселеге айналып отыр. Жатақ­хана жағдайымен Студенттер үйінің директоры Мерей Шаменов таныс­тырды. ЕҰУ-дің жатақха­на­ларында ас үй мәселесі жолға қойыл­маған. Тамақ пісіретін орын лас. Қабыр­ға­ларға тамақ майы тиген. Жатақха­на­дағы әр қабатта екі кіш­кентай тоңа­зыт­қыш пен бір ғана микротол­қынд­ы пеш бар. Студенттер тамағын жатын бөлмелерінде ішуге мәжбүр. Бұл санитария талаптары­ның сақ­тал­мағанын білдіреді. Тере­зе­лердің ашылуы қиын. Сту­дент­тер ашып айтпағанымен, жатақханада егеу­құй­рық бар деген сыбыс жүр. Универ­ситет басшылығы ас үйдегі тазалық жайын реттеу үшін жатақ­ха­наның әр ғимаратынан ақылы қыз­мет көрсе­те­тін асхана ашуды жос­парлап отыр­ғандарын жеткізді. Деген­мен  бұл жоспар әлі талқылануы тиіс. – Біз 2020 жылдың наурызына дейін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізе аламыз деп уәде бермейміз. Баспалдақ кафельдерін ауыстыруға және оқу залдарын жиһазбен жаб­дық­­тауға болады, бірақ қалған құры­лысты қажет ететін жерлерді күрделі жөндеу жұмыстары кезінде ғана орындаймыз. Бөлмелер мен ас үйді студенттер өздері таза ұстауы тиіс. Ол үшін жастарға тазалық шараларын түсіндіретін боламыз, – дейді Сту­дент­тер үйінің директоры Мерей Шаменов. Жастарға сапалы білім беру үшін студенттер жағдайын ылғи бақылауда ұстаған жөн. Жайсыздық болған жағдайда студенттердің сабақ үлге­рі­мі де нашарлайтыны анық. Алда­ғы уақытта да студенттерге арнал­ған жатақханаларға тексеріс жүр­гізіліп отырады. Колледж бен жоғар­ы оқу орындары білім алушы­лар­ға көңіл бөлмеген жағдай­да, түрлі шаралар қолданылады. – Студенттер бос уақытын тиімді пай­даланғысы келеді. Жатақхана­ларды аралап шықтық. Көргеніміз­дей, жастарға қолайлы жағдай жоқ, санитарлық-гигиеналық нормалар көп жерде сақталмай отыр. Оқу залдары өте тар. Тіпті бір қабатта тұратын жалпы студенттер санының 10 пайызы да сыймайды. Сонымен қа­тар қауіпсіздік, мәдени-бұқара­лық, спорттық іс-шараларды ұйым­дас­тыру керегін оқу ордалары ескер­се. Ол бағытта да жұмыстануды бас­тай­­мыз. Осындай мониторингтер жиі өткізіледі. Келешек мамандар­дың жағдайы жақсы болғанын қалай­мыз, – деді  Jas Otan  ЖҚ төра­ға­сы Елнұр Сабыржанұлы.   М.ХАҚНАЗАР