Қазгидромет: бұршақ жауып, дауыл соғады

Қазгидромет: бұршақ жауып, дауыл соғады
Фото: yandex.ru

«Қазгидрометтің» мәліметінше, солтүстік-батыс циклонының әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жел күшейіп, солтүстік-батыста бұршақ, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.

Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында антициклон жотасы жауын-шашынсыз ауа райын сақтайтын болады.

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Жетісу облыстарының батысында, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-батысында қатты ыстық күтіледі.

Күндіз Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық күтіледі.

 

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.