«Жастар рухы» жаңа жобаларды іске қосады
«Жастар рухы» жаңа жобаларды іске қосады
1,046
оқылды
«Жастар рухы» жастар қанатының мүшелері 12 сәуірде өткен кезектен тыс VI съездің қорытындысына тоқталып, алдағы жоспарларды бөлісті. Бұл туралы «AMANAT» партиясының баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында айтылды. «Жастар рухының» төрағасы Нұржан Жетпісбаевтың айтуынша, жастар қанатын трансформациялаудың негізгі басымдықтары – патриотизмді, жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру және жастардың білім жолындағы әлеуетін арттыру. Сондай-ақ жастар қанатының жаңа атауына қатысты келіп түскен ұсыныстар мен «Жастар рухы» атауының қабылдануна қатысты сұраққа жауап берді. [caption id="attachment_206645" align="alignnone" width="1200"]жастар рухы ©Радмир Фахрутдинов[/caption]
«Бұл шешім қысқа уақыт ішінде қабылданған шешім емес. Наурыз айынан бері партияның трансформациясы басталған кезеңнен бастап осы жобаны қолға алған болатынбыз. Әрбір ауылды елді мекендерде, қалаларда партия мен жатар қанатының шараларында осы мәселе күн тәртібінен түскен жоқ. Біздің өкілдеріміз барлық кездесулерде мүмкіндігінше, депутаттарымыз аймақтарға шыққан жұмыс сапарларында аталмыш ұйымға қатысты ұсыныстарды жинақтаған болатын Осы ұсыныстарды ұйым мүшелері арасында өзара талқыға, дауысқа салдық, ол бойынша келіссөздер мен жарыссөздер өткізілді. Сондан кейін оны 4  күндік съезд жұмысына шығардық. 4  күндік съезд жұмысының алғашқы күнінде біз осы мәселені талқыладық. Содан кейін осы ұсынысты негізгі алаңға шығардық. Басым көпшілігі «Жастар рухы» атауына дауыс беріп, ұсынысты қолдады», –  деп түсіндірді Нұржан Жетпісбаев.
[caption id="attachment_206647" align="alignnone" width="1200"]жастар рухы ©Радмир Фахрутдинов[/caption] Жастар қанатының төрағасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Отаны үшін қажетті және пайдалы болуға ұмтылу – әрбір жас адамның мақсаты болуы тиіс» деген сөзі әрбір жастың ұранына айналуы қажет деп атап өтті. Осы ретте алдағы уақытта жастар ортасында Жаңа әрі Әділетті Қазақстанның құндылықтары мен қағидаттарын қалыптастырып, орнықтыру мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылатынын айтты.
«Жастар рухы» 100 мыңнан астам жас қазақстандықты біріктіреді. Қазақстанды жаңғырту үшін біз жастардың зияткерлік, еңбек, шығармашылық және спорттық әлеуетін жұмылдыру үшін бар күш-жігерімізді саламыз», –  деді жастар қанатының төрағасы.
[caption id="attachment_206648" align="alignnone" width="1200"]жастар рухы ©Радмир Фахрутдинов[/caption] Сондай-ақ Нұржан Жетпісбаев жастар қанатының бастамасымен жүзеге асатын, жастарды қолдауға бағытталған бірқатар ауқымды жобаларды атап, олардың мәніне тоқталды. Баспасөз мәслихатына Мәжіліс депутаты, «AMANAT»  партиясы фракциясының мүшесі Елнұр Бейсенбаев та қатысты. Депутат жастардың мемлекеттік басқару ісіне араласу деңгейін арттыру жайлы сөз қозғады. [caption id="attachment_206650" align="alignnone" width="1200"]жастар рухы ©Радмир Фахрутдинов[/caption]
«Жастарды заңнамалық актілерді әзірлеу жөніндегі жұмыс топтарына тұрақты тарту, мемлекеттік және аймақтық даму бағдарламаларын, бюджетті жасауға, оның орындалуын бақылауға қатысуы үшін жағдай жасау қажет»,–  деді Елнұр Бейсенбаев.
Сондай-ақ Мәжіліс депутаты да жастар бойында әділет, білім, адал еңбек, еркіндік және патриотизм сияқты құндылықтарды сіңіруге бағытталған шаралар қажет екенін айтып, жастар қанатының жаңа бағдарламасындағы шаралар осыған бағытталып отырғанын жеткізді.