Шымкентте күзетшімен жанжал шығарған "прокурордың әйелі" айыппұл төлейтін болды.
Шымкент қаласының әкімшілік құқықбұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кең таралған видеоның кейіпкерін жауапкершілікке тартты.
"Бүгін сот өз шешімін шығарды. Құқық бұзушының өз кінәсін түсініп, кешірім сұрағанын, сондай-ақ асырауында үш кішкентай баласы бар екенін түсіндіріп, 5 АЕК (шамамен 15 мың теңге) айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартты", – делінген хабарламада.
Еске салайық, бір күн бұрын әлеуметтік желіде өзін "Қызылорда облысының прокурорының әйелімін" деп таныстырған келіншек пен күзетші арасындағы жанжалдың видеосы тараған болатын.