Синоптиктер еліміздің алты облысында құбылмалы ауа райы орын алатынын ескертеді.Түркістан облысының батысында және шөлейтті аудандарында өте қатты ыстық болады деп күтіледі: + 45°C. Түркістан қаласында да күндіз өте қатты ыстық: +45°C.
21-22 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, өңірдің солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 23 м/с жетеді.
Петропавлда 21 шілдеде түнде, 22 шілдеде күндіз найзағай ойнап, солтүстік-батыстан, батыстан 20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
21 шілдеде түнде Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, күндіз батысы мен орталықталығында, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында бұршақ түседі деп болжанады. Облыстың батысында, орталығында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с жетеді."Қазгидромет" РМК
Семейде найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Өңірдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.
Өскеменде найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді.
21 шілдеде Қызылорда облысында солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыс орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылордада күндіз + 42...+44°C дейін қатты ыстық болады деп күтіледі, сәйкесінше өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.