Білім гранты конкурсына өтініш қабылдау мерзімі екі күнге ұзартылды
Білім гранты конкурсына өтініш қабылдау мерзімі екі күнге ұзартылды
Талапкерлердің өтінішін ескере отырып, білім гранттары конкурсына өтінім қабылдау мерзімі 22 шілдені қоса алғанда екі күнге ұзартылды. Бүгінгі таңда шекті межеден өткен 103 мың талапкердің 80 мыңнан астамы жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына құжат тапсырған. Өткен жылмен салыстырғанда 88 мың үміткер шекті деңгейден асқан болса, гранттық байқауға 77 мың адам қатысқан. Осы көрсеткішті ескере отырып, биыл 92 мың өтініш қабылданады деп күтіліп отыр. Мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін талапкерлерге мынадай құжаттар қажет: жеке куәлік, ҰБТ сертификаты, орта білімі туралы аттестат (ТжКБ ұйымдарының түлектері үшін диплом) және жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар. Медициналық анықтаманы тамыз айында университетке қабылдау кезінде тапсыру қажет.