Орманда әйелді атып өлтірді деген күдікке ілінген полицей жұмыстан босатылды
Орманда әйелді атып өлтірді деген күдікке ілінген полицей жұмыстан босатылды
Фото: azh.kz
333
оқылды
Әуел баста Солтүстік Қазақстан облысында орманда жидек теріп жүрген әйелді аң аулауға шыққан 65 жастағы зейнеткер Сергей Лосеня байқамай атты деген мәлімет тараған еді. Алайда оқ тиіп, көз жұмған Алтынай Мұздақбаеваның туыстары мен көрші-қолаң бұл уәжбен келіспейді. Әйелдің өліміне учаскелік полицейден күдіктенеді. Олар зейнеткер Сергей Лосеня денсаулығына байланысты көп жылдан бері аң аулауға шықпады дегенді алға тартады. Осыдан кейін учаскелік полицей жұмысынан босатылды.
«Жамбыл аудандық бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторына қатысты Жергілікті полиция қызметі департаменті СҚО ІІД Ішкі қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп, қызметтік тексеру жүргізіп, нәтижесінде П.Б. СҚО ҚБ Тәртіптік комиссиясы, Жамбыл аудандық бөлімшесінің учаскелік инспекторы 2022 жылғы 19 шілдеде қызметтік тәртіпті және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін ішкі істер органдарынан қызметінен босатылды. Қылмыстық істі тергеу СҚО ҚП Тергеу басқармасына берілді», - делінген ресми мәліметте.
AstanaTV-ның мәліметінше, оқиғаның ақ-қарасын құзырлы органдар анықтайды.   https://youtu.be/bjZ7EKlvA2A