Қазақстанда магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды

Қазақстанда магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды
© wkau.kz

Кешеден бері магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу жүріп жатыр, – деп хабарлайды Ұлттық тестілеу орталығы.

Бірінші күні тестілеуді 4 612 адам тапсырды.

Кешенді тестілеудің сертификатын жеке кабинеттің «Менің іс-әрекетім» бөлімінен жүктеп алуға болады.

Апелляцияға келіп түскен өтініштер 5 күн ішінде қарастырылады.

«Апелляцияға қатысты сұрақтар бойынша 8 (7172) 69-52-66 нөміріне хабарласу керек. Нәтижесі тест тапсырушының жеке кабинетінде көрсетіледі», –  делінген хабарламада.

 

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.