«Әскери бөлімде өзіне-өзі оқ атты дегенге сенбейміз» – Семейде қаза тапқан офицердің әкесі
«Әскери бөлімде өзіне-өзі оқ атты дегенге сенбейміз» – Семейде қаза тапқан офицердің әкесі
Фото: elitar.kz
2,991
оқылды
Офицер Бақытжан Әріпжан Семейдегі әуе қорғанысы әскери бөлімінде қызмет атқарған. Оның туыстары 41 жастағы рота командирінің орынбасары болған Бақытжан Әріпжан өзіне-өзі қол жұмсады дегенге сенбейді, – деп жазады otyrar.kz. Туған жері Шымкентке ауыспақ болған бес баланың әкесі өмірге құштар екенін айтады туыстары. Әскери салада 10 жылдан астам уақыт қызмет етіп, капитан шеніне жеткен Бақытжан Құлыбекұлы екі жыл бұрын қызмет бабымен Түркістан облысынан Семейге ауысыпты.   [caption id="attachment_206909" align="alignnone" width="1280"] width= Фото: elitar.kz[/caption]
Марқұм Б.Әріпжанның әкесі Құлыбек Әріпжанов: «Бұл жерде бір топтардың өзара бір шешілмеген мәселелері бар. Ол бұл жақтан барған. Білуімше, балам ана жақтағы топтарға кірмеген. Өйткені ол ондай жұмыспен айналыспайды. Содан кірмеген соң, олар оны лажы болса шеттетіп, көзін құрту керек болған. Ол Шымкентке ауысуы керек еді. Егер ол Шымкентке келсе құпиялары жария болып кете ме деп, көзін құртқан болып тұр. Мен солай ойлаймын», – дейді.
[caption id="attachment_206910" align="alignnone" width="1280"] width= Фото: elitar.kz[/caption] Бақытжан Әріпжан қайтыс болардан бірер сағат бұрын қарындасымен бейнеқоңырау арқылы сөйлескен екен. Үш жастағы қызына қайырлы таң тілеп, аман-саулықтан соң, әңгімені қысқа қайырыпты. Кейін хабарласармын деп тұтқаны қойғаннан кейін арада 2-3 сағат өткенде суыт хабар жеткен. Ал қаралы хабар келмес бұрын Бақытжан әйеліне телефоннан Жанар Хамитованың орындауындағы «Қоштаспайықшы» деген әнді жіберген. Әскери бөлімдегілер Бақытжан Әріпжан кезекшіден тапанша алып, қару тазалайтын бөлмеде басына оқ атқан дейді.
«Семейдегі №31767 әскери бөлімінің командирі Айбол Өтегенұлы: «Офицер Аягөзде қаза тапты. Қазір қылмыстық іс қозғалды. Тексеріс жүріп жатыр. Сондықтан тексеріс жүргізіліп жатқандықтан, қандай да бір артық ақпарат айта алмаймын», – дейді.