Ормандағы әйел өлімі: Солтүстік Қазақстанда учаскелік полицей ұсталды
Ормандағы әйел өлімі: Солтүстік Қазақстанда учаскелік полицей ұсталды
Фото: zr.ru
775
оқылды
Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының мәліметінше, учаскелік полицей қызметі бойынша әрекет етпеді деген күдікпен қамауға алынды. 11 шілде күні СҚО Жамбыл ауданы Бауман ауылының маңында 51 жастағы әйел оқ тиіп, көз жұмды. Әйел аудандық ауруханаға жетпей, жолда қайтыс болды. Сол күні әйел орманға жидек теруге барған. Прокуратураның мәліметінше, осы қылмысты жасады деген күдікпен 65 жастағы ер адам ұсталды. Оған Қылмыстық кодекстің 104-бабы  1-бөлігі «Абайсызда адам өлтіру», 287-бабы  3-бөлігі «атыс қаруларын, оқ-дәріні, қару-жарақты немесе жарылғыш заттарды заңсыз алып жүру, ұстау, өткізу» бойынша айып тағылды. Сонымен қатар ҚК-тің 370-бабы  4-бөлігі «қылмыстық құқықбұзушылық жасады» деген күдік бойынша (қызмет бойынша әрекетсіздік) Жамбыл ауданы Озерное ауылының жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бұрынғы учаскелік инспекторы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. «Күдіктінің полиция қызметкері бола отырып, қылмыс жасаған, яғни абайсызда адам өлтірген адамның жанында бола отырып, қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі өзінің лауазымдық міндеттерінің аясына кіретін іс-әрекеттер жасамағаны алдын ала анықталды. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген прокуратураның хабарламасында. Облыстық Полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр. Кеше Орманда әйелді атып өлтірді деген күдікке ілінген полицей жұмыстан босатылғанын хабарлаған болатынбыз.