Алматыда самокат мінген тыр жалаңаш қыз бен жігіт 10 тәулікке қамауға алынды
Алматыда самокат мінген тыр жалаңаш қыз бен жігіт 10 тәулікке қамауға алынды
1,991
оқылды
Алматыда самокат мінген тыр жалаңаш жұп қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Алматы жолдарында киімсіз және іш киімсіз самокат мінген 25 жастағы М.есімді азаматша мен 29 жастағы Г.есімді азаматқа қатысты сот отырысы өтті.
– Құқық бұзушыларды Бостандық аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері анықтады және ұстады. Олардың әдепсіз әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 434-бабымен (Ұсақ бұзақылық) квалификацияланды. Істің материалдары сотқа жіберілді, оның шешімімен әрқайсысы 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Сонымен қатар жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзған Mercedes автокөлігінің жүргізушісі 28 жастағы К. есімді азаматқа қатысты да әкімшілік шара қолданылғанын айта кеткен жөн (ҚР ӘҚбК-нің 593-бабы 1-бөлігі). Оның жолаушысы – А.есімді азаматша көліктің люкінен ұялы телефонына жалаңаш адамдардың отырғанын түсіріп алған, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.
https://www.youtube.com/watch?v=HN-GBCZQKJ4