Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
244
оқылды
Қаржы жымқыру күдігіне іліккен ҚР Ұлттық музейі директоры және бұрынғы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы тағы 1 ай қамауда болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.
«Тергеу соты Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімін 1 айға, яғни 26 тамызға дейін созу жөнінде шешім қабылдады», - деген жауап берілді қалалық соттың баспасөз қызметі.
Айта кетсек, 16 мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық музей директорының мемлекеттік сатып алу бойынша бюджет қаржысын жымқыруы мүмкін деген күдікке ілінгенін хабарлады. Кейін 28 мамырда сот санкциясымен Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы екі айға қамауға алынды.